Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10–1–бабы 7) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 1 наурыздағы № 40 ұсынысы негізінде, Беген ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдардан сарып ауруының анықталуына байланысты Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім ресми алғаш жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Беген ауылдық округінің әкімі
Н. Асылгожин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.