Атырау қалалық әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 сәуір 2016 ж.

    Атырау қалалық әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабын басшылыққа алып, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Атырау қалалық әкімдігінің:

    1) 2012 жылғы 20 маусымдағы №1006 «Атырау қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 26 маусымында №4-1-166 болып тіркеліп, 2012 жылдың 5 шілдесінде облыстық «Атырау» газетінің №76-77 (19460) санында жарияланған);

    2) 2015 жылғы 15 қаңтардағы №1 «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 29 қаңтарында №3098 болып тіркеліп, 2015 жылдың 3 ақпанында облыстық «Атырау» газетінің №12 (19845) санында жарияланған);

    3) 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №2316 «Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №1006 «Атырау қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 29 желтоқсанында №3413 болып тіркеліп, 2016 жылдың 27 қаңтарында облыстық «Атырау» газетінің №7 (19990) санында жарияланған) қаулыларының күші жойылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қала әкімі

    Н.Ожаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.