Көшені қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Алға ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы Алға ауылдық округі Ү.Түктібаев ауылындағы "Бозкөл" көшесі "Айдай Жұбатырова" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Алға ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы К.Алдамжароваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округі әкімі
А. Төлемісов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.