Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі «Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» №2/22 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі « Тұрғын үй қатынастары туралы » Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі «Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» №2/22 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттк тіркеу тізілімінде №8-17-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы №21 (10.382) «Шет Шұғыласы» газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 17 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«17. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) бөлімге немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы
Б. Төлеуқұлов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.