Облыстың елдi мекендерiн көгалдандыру жөнiндегi күзгi-отырғызу жұмыстарын өткiзу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Облыстың елдi мекендерiн көгалдандыру жөнiндегi күзгi-отырғызу жұмыстарын өткiзу туралы

    Көгалдандыру және көрiктендiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру және облыстың елдi мекендерiнiң санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

    1. 15 қыркүйек және 15 қараша аралығында санитарлық тазалық бойынша көрiктендiру, облыстың елдi мекендерiн көгалдандыру және көрiктендiру бойынша екi айлық өткiзiлсiн.

    2. Қала және аудан әкiмдерi үстiмiздегi жылдың 15 қыркүйегiне дейiн:

    1) алынып тасталды

    2) Ағаштар мен бұталарды отырғызу жөнiндегi жұмыстардың орындалуы үшiн меншiк түрлерiнен тәуелсiз облыстың кәсiпорындары мен ұйымдарының жанындағы көгал аумақтарын бекiту туралы мәселе шешiлсiн;

    3) барлық аудан орталықтарында, Атырау қаласының жеке секторында жоспарлы-реттеу санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылсын.

    3. алып тасталды

    4. Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментi (В.Оспанов) Атырау облысын көгалдандыру мәселесiндегi негiзгi бағыттарды өңдеу мақсатында аумақтық орман және биоресурстар жөнiндегi басқармамен және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқармамен бiрiгiп осы жылдың 15 қазанға дейiн орман, балық, аң аулау шаруашылығы Комитеттерi өкiлдерiнiң және мамандандырылған институттардың мiндеттi қатысуымен жиналыс өткiзсiн.

    5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Ищановқа жүктеледi.

    Облыс әкімі

    С. Дәукеев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.