2001 жылғы көктемгі дала және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылық товар өндірушілеріне облыстық бюджеттен несие бөлудің кейбір мәселелері туралы
2001 жылы көктемгі дала және астық жинау жұмыстарын жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 503 "2001 жылғы көктемгі дала және астық жинау жұмыстарын жүргізу кезеңге ауыл шаруашылық товар өндірушілерін жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерге несие бөлудің кейбір мәселелері туралы" қаулысын орындауды қамтамасыз ету мақсатында, облыс ауыл шаруашылығы департаментінің бастыңы Асайынова Б.Б. хабарламасын талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. ІІ сайланған облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 19 қаңтардағы ІХ сессиясының "Облыстық 2001 жылғы бюджеті туралы" шешіміне мынадай өзгертулер енгізілсін:
1) 1 бап мынадай редакцияда баяндалсын:
"Облыстық 2001 жылғы бюджет мынадай көлемде бекітілсін:
а) түсімдер - 10867135 мың теңге, оның ішінде:
- кірістер - 10727135 мың теңге;
- бюджеттен бұрын берілген несиелер бойынша негізгі борыштарды өтеу - 140000 мың теңге
б) шығындар мен несие бөлу - 10783135 мың теңге, оның ішінде:
- шыңындар - 10501610;
- несие бөлу - 281525 мың теңге.
в) бюджет дефициті ( профициті ) - 84000 мың теѕге
г) бюджет дефицитіне қаржы бөлу ( профицитті пайдалану) - 84000 мың теңге, оның ішінде:
- түсімдер - 140000 мың теңге;
- өтеу - 224000 мың теңге".
2) Көктемгі дала және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылық товар өндірушілеріне несие бөлу жөніндегі бюджеттік бағдарлама бекітілсін.
3) 7-1 бап былай толықтырылсын:
"7.1. Облыстық 2001 жылғы бюджетінде мыналарқарастырылсын:
- республикалық бюджеттен 9,4 жылдық сыйақы мөлшерімен 140000 мың теңге несиенің түсуі;
- көктемгі дала және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылық товар өндірушілеріне 140000 мың теңге мөлшерінде несие бөлу жөніндегі жергілікті бюджеттік бағдарламасы;
- ауыл шаруашылық товар өндірушілерімен 140000 мың теңге көлемінде алынған несиенің қайтарылуы;
- жергілікті атқарушы органының 14677 мың теңге көлеміндегі несие бойынша борыштарына қызмет көрсетуі;
- 2001 жылғы 1 желтоқсан мерзіміне дейін республикалық бюджетке облыстың жергілікті атқарушы органының 147677 мың теңге көлемінде борышының өтелуі;
- 2001 жылғы қаржы жылы ішінде несиені өтеу және қызмет көрсету жөніндегі шығындар секвестрілуге жатпайды деп белгіленсін.".
4) ІІ сайланған облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 19 қаңтардағы ІХ сессиясының "Облыстық 2001 жылғы бюджеті туралы" шешіміне № 1 қосымша өзгертулермен және толықтырулармен бірге жаңа редакцияда баяндалсын ( № 1 қосымша).
2. Облыс қаржы департаментіне ауыл шаруашылық товар өндірушілермен алынған несиенің қайтаруына қарамастан 2001 жылғы 1 желтоқсан мерзіміне дейін республикалық бюджетке ағымдағы салық және салық емес түсімдер есебінен несиені өтеуге рұқсат берілсін.
3. Осы шешім Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Республикалық 2001 жылғы бюджеті туралы" Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы күшіне енген сәттен бастап күшіне енсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың тексеру комиссиясына (Гуськов А.Н.) жүктелсін.
ІІ сайланған облыстығ Мәслихаттың
ХI (кезектен тыс) сессиясының төрағасы,
облыстық Мәслихаттың хатшысы
Т. Айтқазин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.