Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 қараша 2002 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

    1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

    1) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң кейбiр ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1227 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 420-құжат);

    5-тармақтың 1) тармақшасының 3-абзацы алынып тасталсын;

    2)

    1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

    "3) осы қаулының тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң (Мемстандарт) мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық органдарының - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi".

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

    2001 жылғы 31 қазандағы

    N 1384 қаулысына қосымша

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

    2001 жылғы 2 шiлдедегi

    N 904 қаулысымен бекiтілген

    Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң (Мемстандарт) мемлекеттiк қадағалау жөнiндегі аумақтық органдарының мемлекеттiк мекемелерiнiң ТIЗБЕСI

    1. Ақмола облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Көкшетау    қадағалау жөнiндегi басқармасы                       қаласы 2. Астана қаласы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Астана    қадағалау жөнiндегi басқармасы                       қаласы 3. Ақтөбе облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Ақтөбе    қадағалау жөнiндегi басқармасы                       қаласы 4. Алматы облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Талдықорған    қадағалау жөнiндегi басқармасы                       қаласы 5. Алматы қаласы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Алматы    қадағалау жөнiндегi басқармасы                       қаласы 6. Атырау облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Атырау    қадағалау жөнiндегi басқармасы                       қаласы 7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемстандарттың      - Өскемен    мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы           қаласы 8. Жамбыл облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк   - Тараз    қадағалау жөнiндегi басқармасы                       қаласы 9. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемстандарттың      - Орал қаласы    мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы 10. Қарағанды облысы бойынша Мемстандарттың           - Қарағанды     мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы          қаласы 11. Қостанай облысы бойынша Мемстандарттың            - Қостанай     мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы          қаласы 12. Қызылорда облысы бойынша Мемстандарттың           - Қызылорда     мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы          қаласы 13. Маңғыстау облысы бойынша Мемстандарттың           - Ақтау     мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы          қаласы 14. Павлодар облысы бойынша Мемстандарттың            - Павлодар     мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi басқармасы          қаласы 15. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша                - Петропавл     Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау                қаласы     жөнiндегi басқармасы 16. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша                 - Шымкент     Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау                қаласы     жөнiндегi басқармасы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.