"2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат 2000 жылғы 26 желтоқсандағы № 7/2-ІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШТІ:
"2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2000 жылғы 26 желтоқсандағы № 7/2-ІІ шешіміне (облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 27 наурыздағы № 8/5-II, 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 9/2-II және № 9/3-II және 2001 жылғы 15 маусымдағы № 10/5-II шешімімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларын қоса есептегенде) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1 тармақтағы:
"13818933,0 мың теңге" "13753645,0 мың теңгеге"
"1037992,0 мың теңге" "727731,0 мың теңгеге"
"17892772,0 мың теңге" "17637223,0 мың теңгеге"
"2117233,0 мың теңге" "1997233,0 мың теңгеге" өзгертілсін.
2. 6 тармақтағы "606598,0 мың теңге" "551800,0 мың теңгеге" өзгертілсін.
3. 13 тармақтағы "Семей қаласына 57,0 млн. теңге" сөздері алып тасталсын.
4. 14 тармақтағы:
"170000,0 мың теңге" "178000,0 мың теңгеге"
"5000,0 мың теңге" "13000,0 мың теңгеге" өзгертілсін.
5. 15 тармақтағы:
"885233,0 мың теңге" "797233,0 мың теңгеге"
"450000,0 мың теңге" "400300,0 мың теңгеге" өзгертілсін.
6. 1 қосымша жаңа редакцияда осы шешімге келісілді жазылсын.
Сессияның төрағасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы
Облыстық мәслихаттың
2001 ж. 28 қыркүйектегі № 11/6-II
сессиясының шешіміне № 1 қосымша
2001 жылға арналған нақтыланған облыстық бюджет
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.