Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 17 қарашадағы N 487 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
"Өсiмдiктер карантинi туралы" Z990344_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына және "Мал дәрiгерлiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық және басқа актiлердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 қазандағы N 1205 P961205_ қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы бюджетi шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 17 қарашадағы бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы бюджетi шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымында:
130 "Тауарлар сатып алу" сыныпшасында:
134 "Мүлiктiк заттарды, басқа да киiм нысанын және арнаулы киiм-кешектер сатып алу, тiгу және жөндеу" ерекшелiгi бойынша:
"Анықтама" бағанындағы "аң шаруашылығы" деген сөздерден кейiн ", өсiмдiктер карантинi бойынша мемлекеттiк фитосанитарлық қызмет және мемлекеттiк шекарада және көлiкте ветеринарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринарлық қызмет" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.