Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ұялы байланысты пайдалануының тәртiбi туралы
Мемлекеттiк қаражатты үнемдеу режимiн күшейту және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ұялы байланысты пайдалануын тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Ұялы байланысты пайдалану құқығы министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарының және басқа да мемлекеттiк органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдар департаменттерiнiң, агенттiктерiнiң, комитеттерiнiң басшыларына; Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiрiншi көмекшiсiне, Қазақстан Республикасы Президентi Кеңсесiнiң меңгерушiсiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Хаттама бастығы мен Баспасөз хатшысына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Хатшылығының жетекшiсiне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Баспасөз қызметiнiң жетекшiсiне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң көмекшiсiне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерiне және олардың орынбасарларына берiлсiн.
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар мен басқа да мемлекеттiк органдар ұялы телефондардың санын осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын ұстауға арналған шығыстарды осы қаулыда белгiленген ұялы байланысты пайдаланудың тәртiбiн ескере отырып қарастырсын;
мемлекеттiк органдар аппаратын ұстауға арналған қаражаттың жұмсалуына тұрақты бақылау орнатсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.