Жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386 - бабы 5 - тармағына, 444 - бабы 1 - тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

    2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет және экономика, әлеуметтік саланы дамыту, жастар, отбасы-демографиялық саясат және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы

    М. Әлиев

    Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы

    С. Қыстаубаева

    «Қазақстан Республикасы Қаржы

    министрлігінің Мемлекеттік кірістер

    комитеті Қостанай облысы бойынша

    Мемлекеттік кірістер департаментінің

    Қамысты ауданы бойынша Мемлекеттік

    кірістер басқармасы» республикалық

    мемлекеттік мекемесінің басшысы

    ________________С. Жалаушыбаев

    2016 жылғы 28 сәуір

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.