Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386-бабының 5-тармағына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрайымы

    Г.Абдигапарова

    Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы

    С.Нургазин

    «Жангелдин ауданының жер қатынастар

    бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    ________________________Т.Ганимат

    2016 жылғы «14» сәуір

    «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

    Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы

    бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

    Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

    басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің

    басшысы

    ________________________Д.Әмірханұлы

    2016 жылғы «14» сәуір

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.