Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 321 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 мамыр 2016 ж.

    Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 321 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 321 «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5197 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанында «Аманкелді арайы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Ж.Таукенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.