Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 11 мамыр 2016 ж.
Лисаков қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 6 «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лисаков қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 6 «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 ақпанда «Лисаковская новь» газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
А. Исмағұлов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.