"Сарыкөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" әкімдіктің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 91 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 мамыр 2016 ж.

    «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» әкімдіктің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 91 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 91 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 наурызда № 5387 тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда «Сарыкөл» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Э. Күзенбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.