Ойыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі № 480-V « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 бабы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысы «Нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу қағидасын бекiту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қосымшаға сәйкес берілген аудан әкімдігінің қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы
Ш. Тлеумағанбетов
Ойыл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 3 мамырдағы
№ 99 қаулысына қосымша
Қолдану күші жойылған аудан әкімдігі қаулыларының тізімі
1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 45 «Ойыл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 16 наурызда № 3-11-107 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 наурызда «Ойыл» газетінде жарияланған);
2. Ойыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қарашадағы № 234 «Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 29 қарашада № 3453 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 желтоқсанда «Ойыл» газетінде жарияланған);
3. Ойыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 183 «Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 45 «Ойыл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 20 тамыздағы № 3632 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 тамыздағы «Ойыл» газетінде жарияланған).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.