Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 6 мамыр 2016 ж.
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 355 «2016 жылы Федоров ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәурдегі № 480-V ҚРЗ Қазахстан Республикасы Занының 46 - бабының 3 - тармағына, 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 355 «2016 жылы Федоров ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде 2016 жылғы 19 қантарда № 6149 тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда «Федоровские новости» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Қ. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.