Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 07 тамыздағы № 5ВС-41-2 «Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешімінің күші жойылған деп тану туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 07 тамыздағы № 5ВС-41-2 «Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4961 болып тіркелген, 2015 жылдың 07 қыркүйегінде «Жақсы жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жақсы аудандық мәслихатының сессия төрағасы
Б. Жанәділов
Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы
Б. Жанәділов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.