«Бәйдібек ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 188 қаулысын жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 сәуір 2016 ж.

    «Бәйдібек ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №188 қаулысын жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31,37 баптарына «Нормативті құқықтық актілердің мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысының 16 тармағына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №188 «Бәйдібек ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 12 наурызда №3077 тіркелген, 2015 жылы 15 сәуірде «Шаян» газетінің №18 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Жанғазиевке тапсырылсын.

    Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы:

    И.Түймебаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.