Успен ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 46-бабы 2-тармағына 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Успен ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі «Успен ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 284/9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 12 қыркүйекте № 4021 болып тіркелген, «Апта айнасы» газетінде 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 37 номерінде жарияланған);
2) Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы «Успен ауданының ауылдары мен ауылдық округтері аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» № 47/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 8 сәуірде № 4411 болып тіркелген, «Аймақ ажары» газетінде 2015 жылғы 2 мамырдағы № 17 номерінде жарияланған);
3) Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «2016 жылға Успен ауданы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» № 282/12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 27 қаңтарда № 4908 болып тіркелген, «Аймақ ажары» газетінде 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 номерінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Б. Демеуов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.