«Шығыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 295 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 295 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3107 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 148 (16929) «Дидар», 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 147 (19440) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Д. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.