Лебяжі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 226/7 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» № 964 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігінің актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 226/7 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2014 жылғы 18 шілдеде № 3876 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 шілдеде «Аққу үні - Вести Акку» газетінің № 29 санында жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
С. Жанғазинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.