Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №ХХ-10 «Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы №28 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №ХХ-10 «Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2821 санымен тіркелген, аудандық «Қызылқоға» газетіне 2014 жылғы 9 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2-қосымшасының:
8, 9 жолдардағы «5 000» деген сандар «100 000» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, жастар мен үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшін сақтайды.
Сессия төрағасы:
А.Аққайнанов
Мәслихат хатшысы:
Т. Бейсқали
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.