Егіндікөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
«Егіндікөл ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2013 жылғы 12 тамыздағы № а-8/174 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3799 тіркелген, 2013 жылғы 16 қыркүйектегі «Егіндікөл» аудандық газетінде жарияланған);
«Егіндікөл ауданы әкімдігінің «Егіндікөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2013 жылғы 12 тамыздағы № а-8/174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 20 қазандағы № а-10/239 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4448 тіркелген, 2014 жылғы 17 қарашадағы «Егіндікөл» аудандық газетінде жарияланған);
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № а-9/185 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3812 тіркелген, 2013 жылғы 9 қазанда аудандық «Егіндікөл» газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
А. Тайжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.