Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №231 қаулысының (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылдың 16 тамызында №6-7-87 болып тіркелген, 2012 жылдың 4 қыркүйегінде №74(5747) «Мойынқұм таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі «2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» №151 қаулысының (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылдың 8 мамырында №2643 болып тіркелген, 2015 жылдың 29 мамырында №51(6044) «Мойынқұм таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Оразымбетов Сәбит Мәденұлына жүктелсін.
Аудан әкімі
Б.Нүркенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.