«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2016 жылғы 08 cәуірдегі № 24 шешімінің күші жойылғандығын тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 мамыр 2016 ж.

    «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2016 жылғы 08 cәуірдегі № 24 шешімінің күші жойылғандығын тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШТІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2016 жылғы 08 сәуірдегі № 24 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 3700 тіркелген, 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 17 «Колос» газетінде, 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 17 «Аққайың» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасары Е.А. Жақыповқа жүктелсін.

    3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Д. Байтөлешов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.