Көшеге атау беру туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 сәуір 2016 ж.

    Көшеге атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Майлыбас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Майлыбас ауылдық округі, Байқожа стансасындағы атауы жоқ көшеге «Жалғасбек Байділдаев» атауы берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Майлыбас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Қ.Қартабаевқа жүктелсін.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округі әкімі

    Ә.Мәмбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.