Бұланды аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/1 «Бұланды ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығын және салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Бұланды аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/1 «Бұланды ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығын және салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңнының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» кодексінің 387, 444 бабтарына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Бұланды аудандық мәлихаттың 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/1 «Бұланды ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығын және салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4793 тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда «Бұланды таңы» газетінде және 2015 жылғы 29 мамырда «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    кіріспеде «387, 444 бабтарын», «386, 444 бабтарына» ауыстырылсын;

    1 тармағындағы «пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге» сөзі «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы» сөздеріне ауыстырылсын.

    2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Кезектен тыс 2-сессияның төрағасы

    Т. Садвақасов

    Аудандық мәслихаттың хатшысы

    Ш. Құсайынов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Бұланды ауданының әкімі

    Қ. Испергенов

    19 сәуір 2016 жыл

    Қазақстан Республикасы Қаржы

    министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті

    Ақмола облысы бойынша мемлекеттік

    кірістер департаментінің Бұланды ауданы

    бойынша мемлекеттік кірік басқармасы

    РММ-нің басшысы

    Д. Әділбеков

    19 сәуір 2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.