Қызылорда облысының жастар форумы туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қызылорда облысының жастар форумы туралы

    «Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №244 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11153 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса берілген:

    1) Қызылорда облысының жастар форумын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамы;

    2) Қызылорда облысының жастар форумын өткізу қағидасы бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Қ. Көшербаев

    КЕЛІСІЛДІ

    «Қазақстан Республикасы Білім

    және ғылым министрлігінің

    «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

    мемлекеттік университеті»

    шаруашылық жүргізу құқығындағы

    республикалық мемлекеттік

    кәсіпорнының ректоры

    ___________________ Қ. Бисенов

    2016 жылғы «28» наурыз

    КЕЛІСІЛДІ

    «Қызық орда»

    шығармашылық тобы»

    қоғамдық қорының төрағасы

    ___________________А. Тулеганов

    2016 жылғы «28» наурыз

    КЕЛІСІЛДІ

    «Нұр Отан» партиясы жанындағы

    «Жас Отан» Жастар қанаты»

    қоғамдық бірлестігінің Қызылорда

    облыстық филиалының төрағасы

    __________________А. Сабанбаев

    2016 жылғы «28» наурыз

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2016 жылғы «28» наурыздағы

    №401 қаулысымен бекітілген

    Қызылорда облысының жастар форумын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі-ұйымдастыру комитеті) құрамы

    Қызылорда облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасары, ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

    «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (немесе міндетін атқарушы), ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары;

    «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы (немесе міндетін атқарушы), ұйымдастыру комитетінің хатшысы;

    Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

    «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (немесе міндетін атқарушы);

    «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша);

    «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (немесе міндетін атқарушы);

    «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша);

    «Қызық орда» шығармашылық тобы» қоғамдық қорының төрағасы (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша).

    2016 жылғы « 28» наурыздағы

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    № 401 қаулысымен

    бекітілген

    Қызылорда облысының жастар форумын өткізу Қағидасы

    1. Жалпы ережелер

    1. Осы Қызылорда облысының жастар форумының қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және өңірлік жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды.

    2. Қызылорда облысының жастар форумы (бұдан әрі – Форум) – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы.

    3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңын, басқа да құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Қағиданы басшылыққа алады.

    2. Форумның мақсаты, міндеттері және функциялары

    4. Форумның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылау бойынша мемлекеттік органдардың жастармен және жастар ұйымдарымен диалогы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.

    5. Форумның өңір деңгейіндегі негізгі міндеттері:

    1) жергілікті атқарушы органдардың жастармен, жастар ұйымдарымен диалогын және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

    2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды қамтамасыз ету;

    3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

    6. Форумның негізгі функцияларына:

    1) жергілікті атқарушы органдар мен жастар ұйымдары өкілдерінің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы есептерін тыңдау;

    2) республикалық жастар форумына қатысу үшін жастар, жастар ұйымдары қатарынан Қызылорда облысының делегаттарын сайлау;

    3) жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ, республикалық жастар форумының қарауына мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу жатады.

    3. Форумның өту тәртібі

    7. Форумды дайындау және өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

    8. Форум жергілікті атқарушы органмен кемінде екі жылда бір рет шақырылады.

    9. Форум екі кезеңде өтеді:

    1) дайындық кезеңі - бұл кезде облыстағы Форум делегаттарының сайлауы өтеді;

    2) негізгі кезеңі – өңірлік форумды өткізу.

    10. Өңірлік жастар форумы аудандық (облыстық маңызы бар қала) және облыстық деңгейлерде өтеді.

    11. Форумда шешім қабылдау Форум делегаттарының ашық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады.

    12. Форумның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

    4. Форумда жастар өкілдігін қалыптастыру

    13. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру аудандарда (облыстық маңызы бар қала) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен әділет органдарында тіркелген жастар ұйымдарының қатысуымен сайлау арқылы өтеді.

    14. Форумға аудандардың (облыстық маңызы бар қала) жіберген жастары және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

    15. Делегациялардың сандық құрамы Қазақстан Республикасы жастарының жалпы санынан әр ауданның (облыстық маңызы бар қала) жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жастар ресурстық орталықтарының, оқу орындарының, мүдделі мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Форум делегаттарының жалпы санының жиырма пайызынан аспайтын көлемде қосымша шақырылуы мүмкін.

    5. Қорытынды ережелер

    16. Форумда қабылданатын шешімдер ұсынымдық сипатта болады.

    17. Форумда қабылданған ұсынымдар тиісті хаттамамен ресімделеді және жергілікті атқарушы органының, сондай-ақ, республикалық жастар форумының қарауына жолданады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.