"Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4821 тіркелген, 2016 жылдың 14 сәуірінде «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген, Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында (әрі қарай-Қағидалар):

    1) «2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері» тарауында:

    11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

    «3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерінен аспауы және әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 мөлшерінен (күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан) аспайтын болуы негiздеме болып табылады.»;

    2) «4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау» тарауында:

    30-тармақтың екінші абзацында:

    «2001 жылғы 23 қаңтардағы» сөздері алынып тасталынсын;

    орыс тіліндегі Қағидаларына 1-2-қосымшаның атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

    «Лист собеседования для участия в проекте «Өрлеу».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы

    Т. Шәудір

    Мәслихат хатшысы

    Б. Турлыбаев

    ______________ А. Амиргалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.