Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесін бекіту туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесін бекіту туралы

    «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

    3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасары Қ.О. Елібаевқа жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы

    І.Испанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Инвестициялар және даму

    Министрі

    _________________ А.Исекешев

    2016 жылғы 16 ақпан

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы

    Сотының жанындағы Соттардың

    қызметін қамтамасыз ету департаменті

    (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының

    2016 жылғы 29 қаңтардағы

    № 6001-16-7-6/22 бұйрығымен

    бекітілген

    Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттар ашық деректер тізбесі

    № р/с
    Ашық деректердің атауы
    Жаңарту
    кезеңі
    Беру мерзімі
    Дереккөз (Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО немесе мемлекеттік органдардың API жүйелері арқылы)
    Жауапты тұлғалар
    1.
    Қазақстан Республикасының сот органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ақпарат, соттардың, соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті және аумақтық органдардың басшылары туралы ақпарат (атауы, құрылымы, мекенжайы, телефоны, келу сызбасы, азаматтарды қабылдау режимі, анықтамалық ақпарат, геолокация көрсетіле отырып)
    Деректердің жаңаруына қарай
    Деректердің жаңарғаннан кейін айдың 10-ына қарай
    Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО арқылы
    Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
    Соттар әкімшілері басшылары
    2.
    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының органдары туралы жалпы ақпарат
    жыл сайын
    Есептік кезеңнен кейін 30-ына қарай
    Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО арқылы
    Жоспарлау және талдау бөлімі
    3.
    3.1.
    3.2.
    3.3.
    Қазақстан Республикасының сот жүйесі туралы жалпы ақпарат:
    әлеуметтік сауалнаманың және республика соттарының қызметін бағалаудың нәтижелері туралы мәліметтер;
    республика соттарының халықаралық шарттарды, ведомствоаралық шарттарды және халықаралық ынтымақтастық
    бағдарламаларын іске асыруға қатысуы туралы мәліметтер;
    Сот жюриінің құрамы, қалыптастырылу тәртібі және негізгі қызметі
    өткізілгеніне қарай
    жыл сайын
    жыл сайын
    нәтижесі шығарылғаннан кейін 30-ына қарай
    Есептік кезеңнен
    кейін 30-ына қарай
    Есептік кезеңнен кейін 30-ына қарай
    Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО арқылы
    Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО арқылы
    Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО арқылы
    Жоспарлау және талдау бөлімі
    Халықаралық қатынастар және протокол бөлімі
    Персоналды басқару бөлімі
    4.
    Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектеулер ескеріле, іс санаттары (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік), тараптар, процеске қатысушылар, қарау күндері, қаралатын орны көрсетіле отырып сот істерін қарау кестелері
    үнемі
    Апта сайын кестенің қалыптасуы және істердің түсуіне қарай
    Мемлекеттік органдардың API жүйелері арқылы
    Соттар әкімшілері басшылары
    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқа хатшылықтары
    5.
    Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің бос орындар туралы мәліметтер
    тоқсан сайын
    Есептік кезеңнен кейін 30-ына қарай
    Ашық деректердің интернет-порталдың АЖО арқылы
    Соттар әкімшілері басшылары
    Персоналды басқару бөлімі
    Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесін бекіту туралы

    «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың ашық деректер тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

    3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасары Қ.О. Елібаевқа жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы

    І.Испанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Инвестициялар және даму Министрі

    _________________ А.Исекешев

    2016 жылғы «16» ақпан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.