Жаңа ауыл ауыл округі Ынтымақ ауылының Әл-фараби көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Жаңа ауыл ауыл округі Ынтымақ ауылының Әл-фараби көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №02-03/138 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жаңа ауыл ауыл округі Ынтымақ ауылының Әл-фараби көшесінің тұрғыны Ә.Парменқуловтың итінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Әл-фараби көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын ауыл округі әкімінің орынбасары К.Жумашевке жүктелсін.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жаңа ауыл ауыл округі әкімі:

    А.Пошаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.