Қарағанды облысы әкімдігінің «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 52/04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қарағанды облысы әкімдігінің «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 52/04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министріміндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 қарашадағы №1112 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12865 тіркелген), ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 757 «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12939 тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 52/04 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 28 қазандағы, 2015 жылғы 31 қазандағы № 153-154 (21904-21905) «Индустриальная Караганда» және 2015 жылғы 31 қазандағы № 177-178 (22062) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

    қаулының 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;

    көрсетілген мемлекеттік қызмет регламентінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.»;

    көрсетілген мемлекеттік қызмет регламентінің 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру.»;

    4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:

    1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;

    барлық мәтін бойынша «ХҚКО» деген сөз «Мемлекеттік корпорация» деген сөзге ауыстырылсын;

    4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;

    9-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1-рәсім –Мемлекеттік корпорация кызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының біріктірілген ақпараттық жүйесіне» (қуаттау үдерісінде) логинді және парольді енгізуі;»;

    9-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2-шарт – өтінішті толтырудың дұрыстығы және ұсынылған құжаттар топтамасының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының біріктірілген ақпараттық жүйесіндегі тізбеге сәйкес толық болуы»;»;

    9-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «8-рәсім – Мемлекеттік корпорация кызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар тізімін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының біріктірілген ақпараттық жүйесіне енгізуі, құжаттарды сканерлеуі, оларды өтінім нысанына бекітуі және көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі негізінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін, сондай-ақ электрондық құжаттар түріндегі құжаттардың түпнұсқаларын (көшірмелерін) өзіне қызметтік мақсаттарда пайдалануға берілген электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыруы;»;

    9-тармақтың 1) тармақшасының он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «9-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының біріктірілген ақпараттық жүйесінде берген штрих-коды бар қолхат беруі;»;

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1,2,3,4,5,6 қосымшалары осы қаулының 2,3,4,5,6,7 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарағанды облысының әкімі

    Н. Әбдібеков

    2016 жылғы 04 сәуірдегі № 21/04 Қарағанды облысы

    әкімдігінің қаулысына 1 қосымша

    «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует,

    туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге

    асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    қосымша

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

    2016 жылғы 04 сәуірдегі № 21/04 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына

    2 қосымша

    «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    1 қосымша

    Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі

    Рә­сім­нің №
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    Ата­уы
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің кең­се ма­ма­ны
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
    Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы
    Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
    Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
    Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің кең­се ма­ма­ны
    Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
    Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы­ж­ә­нео­лар­дың­си­патта­ма­сы
    «Аза­мат­тар­ға­ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы ұсын­ған, Пор­тал ар­қы­лы ке­ліп түс­кен құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды және тір­кей­ді
    Ре­зо­лю­ция са­лу
    Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны бел­гі­леу
    Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар топ­та­ма­сы­ның то­лық­тығ­ын тек­се­ре­ді. Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар топ­та­ма­сы­ның то­лық бол­мау фак­ті­сі анық­тал­ған жағ­дай­да бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­з­ба­ша жа­у­ап бе­ре­ді.Құ­жат­тар топ­та­ма­сы то­лық ұсы­ны­л­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­та­ры­ның ли­цен­зия бе­ру, қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зия тел­нұс­қа­сын бе­ру шар­тта­ры­на, сон­дай-ақ қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін қа­рай­ды, дай­ын­дай­ды және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы­ның қа­ра­уы­на ен­гі­зе­ді не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­з­ба­ша жа­у­ап дай­ын­дай­ды
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі бас­шы­сы мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі­мен не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба дәлел­дi жа­у­ап­пен ке­лі­се­ді және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на қол қо­ю­ға жі­бе­ре­ді
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сіне не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба дәлел­дi жа­у­ап­қа қол қо­яды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы­на бе­ре­ді
    Мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба дәлел­дi жа­у­ап­ты тір­кеу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сіне жі­бе­ре­ді
    Кең­се ма­ма­ны мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба дәлел­дi жа­у­ап­ты тір­кей­ді және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы­на бе­ре­ді
    Мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­з­ба­ша жа­у­ап­ты www.​eli​cens​e.​kzпор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ра­ды
    Ке­ле­сі рә­сім­ді (іс-қи­мыл­ды) орын­да­уды ба­стау үшін негіз­де­ме бо­лып та­бы­ла­тын мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту бой­ын­ша рә­сім­нің (іс-қи­мыл­дың) нәти­же­сі
    Тір­кеу
    Ре­зо­лю­ция
    Ре­зо­лю­ция
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің бұ­ры­шта­ма қой­ы­л­ған нәти­же­сі не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің қол қой­ы­л­ған нәти­же­сі не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап
    Тір­ке­у­ге жі­бе­ру
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тір­кел­ген нәти­же­сі не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап
    Ска­нер­лен­ген, пор­тал­ға ор­на­ла­сты­ры­л­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі не мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап
    Орын­дау мер­зім­де­рі
    15 ми­нут
    1 са­ғат
    15 ми­нут
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тар топ­та­ма­сын то­лық ұсын­ба­ған жағ­дай­да 2 жұ­мыс кү­ні ішін­де жа­з­ба­ша дәлел­дi жа­у­ап дай­ын­дай­ды. Заң­ды тұл­ға­ның-ли­цен­зи­ат­тың бас­қа заң­ды тұл­ға­ға бө­лу, бө­лі­ну тү­рін­де қай­та ұй­ым­да­сты­ры­луы ке­зін­де ли­цен­зия бе­ру және қайт ре­сім­деу – 14 (он төрт) жұ­мыс кү­ні­нен кеш емес, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де не осы мер­зім­дер ішін­де­мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша дәлел­дi жа­у­ап дай­ын­дай­ды
    15 ми­нут
    1 са­ғат
    15 ми­нут
    15 ми­нут
    15 ми­нут
    Ке­ле­сі рә­сім­нің (іс-қи­мыл­дың) №
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    -

    2016 жылғы 04 сәуірдегі № 21/04 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына

    3 қосымша

    «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    2 қосымша

    Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы

    2016 жылғы 04 сәуірдегі № 21/04 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына

    4 қосымша

    «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    3 қосымша

    Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы

    2016 жылғы 04 сәуірдегі № 21/04 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына

    5 қосымша

    «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    4 қосымша

    Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалды өзара әрекеттесу диаграммасы

    2016 жылғы 04 сәуірдегі № 21/04 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына

    6 қосымша

    «Туристік операторлық қызметке

    (туроператорлық қызметке) лицензия беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    5 қосымша

    Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

    2016 жылғы 04 сәуірдегі № 21/04 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына

    7 қосымша

    «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру»

    мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

    6 қосымша

    Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.