Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 56 «Мұғалжар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы» шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 56 «Мұғалжар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3492 тіркелген, 2013 жылғы 24 қаңтарда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы
Қ. Аймағанбетов
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Н. Қалиева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.