«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабы 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 4 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылы 7 сәуірде № 3683 болып тіркелді, 2016 жылы 8 сәуірде № 18 (8812) «Есіл таңы», 2016 жылы 8 сәуірде № 18 (8812) «Ишим» газеттерінде жарияланды).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ.Едіресовке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
М.Әбішев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.