2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қараша 2016 ж.

    2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Бекітілсін:

    1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;

    2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;

    3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2016 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жаңақорған ауданының әкімі

    Р. Рустемов

    Жаңақорған ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «15» сәуірдегі

    №372 қаулысына №1 қосымша

    2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Ауданның атауы
    Мемлекеттік білім беру
    тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны
    1
    2
    3
    1
    Жаңақорған ауданы
    4275

    Жаңақорған ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «15» сәуірдегі

    №372 қаулысына №2 қосымша

    2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері

    Ауданның атауы
    Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын(теңге)
    Мектепке дейінгі ұйымдар
    Бөбекжайлар, балабақшалар (мемлекеттік/жеке меншік)
    Мектепке дейінгі шағын орталықтар
    1
    2
    3
    4
    1
    Жаңақорған ауданы
    24240
    24240

    Жаңақорған ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 15 сәуірдегі №372 қаулысына

    3-қосымша

    2016 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
    1
    2
    3
    1
    Екі еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес
    Үш еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.