Қазалы ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 желтоқсан 2016 ж.

    Қазалы ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазалы ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Қаржаубаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

    АУДАН ӘКІМІ

    Н.ШАМҰРАТОВ

    Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң

    2016 жылғы « 18 » сәуірдегі

    №85 қаулысына 1-қосымша

    2016 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

    Аудан атауы
    Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы есебiнен мектепке дейiнгi ұйымдарға орналастырылатын балалар саны
    1
    Қазалы ауданы
    1693

    Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң

    2016 жылғы « 18 » сәуірдегі

    № 85 қаулысына 2-қосымша

    2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерi

    Аудан атауы
    Бiр тәрбиеленушiге бiр айда жұмсалатын шығын (теңге)
    Балабақшалар үшiн
    Шағын орталықтар үшiн
    1
    Қазалы ауданы
    26978,6 теңгеден кем емес
    19 236 теңгеден кем емес

    Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң

    2016 жылғы « 18 » сәуірдегі

    № 85 қаулысына 3-қосымша

    2016 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшерi

    Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшерi
    Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшерi
    1
    Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес
    Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.