Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 ақпан 2016 ж.

    Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    Қапшағай қалалық мәслихатының:

    1) 2009 жылғы 23 желтоқсандағы «Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің жерлеріне базалық салық ставкаларын белгілеу туралы» № 174-33 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 14 қаңтарда № 2-2-99 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 2 (65) жарияланған);

    2) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы «Тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы» № 243-48 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 30 желтоқсанда № 2-2-113 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 55 (118) жарияланған);

    3) 2015 жылғы 23 қазандағы «Қапшағай қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» №54-224 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 26 қарашада № 3586 тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 49 (354) жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    Қапшағай қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

    ________________А. Ефименко

    Қапшағай қалалық мәслихатының хатшысы

    ___________________Қ. Ахметтаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.