Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы №304 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасқала ауданы Мерей ауылдық округінің Тоғайлы ауылы аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Мерей ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С.Н.Ергалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мерей ауылдық округінің әкімі
Қ.Тәшімов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.