Бәйдібек ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына «Нормативті құқықтық актілердің мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысының 16 тармағына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы «Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы» №189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №3070 тіркелген, 2015 жылы 27 наурызда «Шаян» газетінің №579 санында жарияланған), Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы «Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы» Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы №462 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №3437 тіркелген), Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы «Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы» Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №73 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Жағазиевке тапсырылсын.
Аудан әкімі:
Б.Көшербай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.