«2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 сәуір 2016 ж.

    «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10-1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен келісім бойынша 2016 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша өтемақы төлеу қағидаларын бекітсін.».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    К. Мәсімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.