Қарғалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 4 шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 мамыр 2016 ж.

    Қарғалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 4 шешімінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарғалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 4 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4825 болып тiркелген, аудандық «Қарғалы» газетінде 2016 жылғы 07 сәуірдегі № 21 (4891) санында және 2016 жылғы 06 сәуірде «Әділет» АҚЖ-де ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Байсеуповке жүктелсін.

    Қарғалы ауданының әкімі

    Р. Сыдықов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.