Қарғалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 337 қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 сәуір 2016 ж.

    Қарғалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қазандағы № 337 қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қазандағы № 337 «Қарғалы ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 қарашада № 4574 болып тіркелген, аудандық Қарғалы газетінде 2015 жылғы 26 қарашада № 54 (4864) және 2015 жылдың 24 қарашасында «Әділет» АҚЖ-де ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Байсеуповке жүктелсін.

    Қарғалы ауданының әкімі

    Р. Сыдықов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.