Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 5 наурыздағы № 19/129 "Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 5 наурыздағы №19/129 «Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 5 наурыздағы №19/129 «Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2391 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Алтыншы сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы»;

    1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған алтыншы сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының регламенті бекітілсін.»;

    2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын:

    «Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».

    2. Түпқараған аудандық мәслихатының аппаратының басшысы (А. Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысына (А.Досанова) жүктелсін.

    4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы

    А.Берішбаева

    Аудандық мәслихат хатшысы

    А.Досанова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.