Көшелерге атау беру туралы
“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі №2 қорытындысына сәйкес Аққұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққұм ауылдық округінің Аққұм ауылының атауы жоқ көшелеріне келесідей атаулар берілсін:
1) 1-көшеге “Бейбітшілік”;
2) 3-көшеге “Бимұрат Ақдәулетов”.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққұм ауылдық округінің әкімі
Т.Тулегенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.