««Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 ақпандағы № 282 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген) сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 ақпандағы № 282 ««Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4808 болып тіркелген, 2016 жылдың 21 сәуірінде аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
1) 37 тармақтың екінші бөлігінде:
«37-тармағында» деген сөздер «36-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 42 тармақта:
«40-тармағында» деген сөздер «39-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы
Қ. Аймағанбетов
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Н. Қалиева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.