Көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы №4 қорытындысына сәйкес Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңөзек кентінің атауы жоқ көшесіне «Бақтияр Жақыпов» есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары Е.Бахтияровқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Тереңөзек кентінің әкімі
Ж.Сыздықов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.