Шешімнің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 17 сәуірдегі №01-03-4/104 ұсынысы негізінде Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Елтай ауылдық округінің «Сорқабақ 1» қыстағында мүйізді ірі қара малдарынан шыққан құтырма ауыруының алдын алу, жою шараларының толықтай аяқталуына байланысты округі әкімінің «Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» 2016 жылғы 05 ақпандағы № 06 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3465 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 17 наурыздағы "Дендер" газетіне жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Округ әкімі
Е.Дүйшім
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.