«Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына, «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 26 қарашадағы № 363 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 12814) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4097, 2015 жылғы 25 тамыздағы № 96 (17185) «Дидар» және 2015 жылғы 26 тамыздағы № 100 (19644), 2015 жылғы 28 тамыздағы № 101 (19700) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;
осы қаулымен бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:
регламенттің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық жергілікті атқарушы органның дене шынықтыру және спорт саласында функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшеcі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
осы регламенттің 1-қосымшасына:
жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша»;
осы регламенттің 2-қосымшасына:
жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Д. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.