Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    Қолданыстағы
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 117 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен цифрлық жүйелердің тізбесін бекіту туралы»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен цифрлық жүйелердің тізбесі бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесінде:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен цифрлық жүйелердің тізбесі»;

    бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    р/с №
    Цифр­лық жүйе мен ин­тер­нет-ре­сур­стың ата­уы
    Цифр­лық ре­сур­стар
    Цифр­лық жүйе мен ин­тер­нет-ре­сур­стың ие­сі
    »;
    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    1.
    «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы сот ор­ган­да­ры­ның цифр­лық жүй­е­сі»
    же­ке және заң­ды тұ­лға­лар бой­ын­ша сот іс­те­рі ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сот әкім­ші­лі­гі
    »;
    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    8.
    «Кө­ші-қон по­ли­ци­я­сы»
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на уа­қыт­ша ке­ле­тін ше­тел аза­мат­та­рын тір­кеу ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
    ше­тел аза­мат­та­ры мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру және тір­кеу ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­да­уын және одан шы­ғуын тір­кеу ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на кі­ру­ге ша­қы­ру­лар­ды (же­ке са­пар бой­ын­ша) қа­был­дау және ке­лі­су ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру үшін ке­ту­ге құ­жат­тар­ды ре­сім­деу ту­ра­лы
    »;
    20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    20.
    «Мо­биль­ді үкі­мет» цифр­лық жүй­е­сі­нің «1414» Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның SMS-шлю­зі
    мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту шең­бе­рін­де SMS жі­бе­ру
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
    Жа­сан­ды ин­тел­лект және цифр­лық да­му ми­ни­стр­лі­гі
    »;
    36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    36.
    «Ат­қа­ру­шы­лық іс
    жүр­гі­зу­дің мем­ле­кет­тік ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған цифр­лық жүй­е­сі»
    сот ак­ті­ле­рін орын­дау ту­ра­лы (4.0 ны­сан­ды кар­точ­ка­лар, 4.1 ны­сан­ды ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­ты есеп­ке алу кар­точ­ка­ла­ры, ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­тың қоз­ға­лы­сы және оны орын­дау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы кар­точ­ка­лар)
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әдiлет ми­ни­стр­лi­гi
    ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу бой­ын­ша бо­рыш­кер­лер ту­ра­лы
    »;
    41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    41.
    Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің цифр­лық жүй­е­ле­рі
    банк­тік шот­тар ту­ра­лы
    екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер
    банк опе­ра­ци­я­ла­ры ту­ра­лы
    »;
    ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
    «Ескерту:
    Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен беріледі.
    * қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) жұмылдыру ресурстарының интеграциялық шлюзіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының цифрлық жүйелердің өзара іс-қимылы жөніндегі бірлескен бұйрықтарына қол жеткізуі болған жағдайда.».
    2. «Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 7 қарашадағы № 138 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:
    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «3. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің жауапты адамдары (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) сот органдарының цифрлық жүйесіне енгізілетін арнайы есепке алу мәліметтерінің уақытылығын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.»;
    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының басшыларына «Талдау орталығы» цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – ТО ЦЖ) арнайы есепке алу мәліметтерін уақытылы, толық және дұрыс енгізілуін қамтамасыз етеді.»;
    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «6. Карточка ТО ЦЖ-де автоматты түрде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылы 2 қарашадағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16009 болып тіркелген) бірінші сатыдағы сотпен қаралған азаматтық іске (өтінішке) 1-электрондық ақпараттық есепке алу құжатының 12-бөлімінің 8, 13 деректемелері негізінде қалыптасады.»;
    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «8. Арнайы есептен шығаруды ТО ЦЖ-дегі «есепте тұр» деген мәртебені «есептен шығарылған» деген мәртебеге ауыстыру жолымен, растайтын құжаттарды ұсыну (салу) арқылы Комитеттің аумақтық органы хатының негізінде Комитет жүзеге асырады.»;
    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «10. Комитеттің аумақтық органдары тоқсан сайын 30-күні азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің көрсеткіштерімен ТО ЦЖ арнайы есепке алу мәліметтерімен салыстыру жүргізеді.».
    3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға жолдау;
    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыру;
    3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберу.
    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
    5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін 1-тармағының он тоғызыншы абзацын, осы бұйрықтың 2-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
    Осы бұйрықтың 2-тармағының төртінші абзацы, 2026 жылдың 12 шілдесіне дейін келесі редакцияда қолданылады:
    «3. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің жауапты адамдары (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) сот органдарының ақпараттық жүйесіне енгізілетін арнайы есепке алу мәліметтерінің уақытылығын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.».

    Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

    Б. Асылов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.